Алматы, BAQ.KZ. Бүгінгі күнге дейін Үндістанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1 миллиард дозасы салынды. Вакцина алуға жарамды халықтың шамамен 75%-ы бірінші компонентті, ал 30%-ы екі дозасын да салдырған. Бұл туралы Қазақстандағы Үндістан елшілігі мәлімдеді.
1 миллиардтық кезеңге 40 аптадан аз уақыт ішінде қол жеткізілді, вакцинаның алғашқы дозасы биыл 16 қаңтарда салынды. Бүгінде Үндістан көптеген платформада бірнеше вакцинаны жасаған жалғыз ел болды (Bharat Biotech COVAXIN белсенді емес вирустық платформаны қолданады, Zycov-D-бұл ДНҚ вакцинасы, Covishield вирустық векторлық вакцина, Геннова Үндістандағы бірінші мРНҚ вакцинасы болу атағына үміткер). 1 миллиард дозаның барлығы дерлік Үндістанда жасалды, - делінген хабарламада.Сонымен қатар вакцина салудың 95%-дан астамы Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі арқылы іске асырылған. Соған қарамастан, жеке медициналық мекемелер вакцинация бағдарламасына енген.
Бұл Үндістан қысқа мерзімде және осы қиын уақытта қол жеткізген үлкен белес. Үндістанның осындай үлкен жетістікке жетуі егжей-тегжейлі жоспарлаудың, орындаудың, оның зерттелуі мен ғылыми шеберлігінің дәлелі. Васудхайва Кутумбакамның шынайы рухында Үндістан 150-ден астам елмен пандемиямен күресу үшін өзінің ресурсы, білімі, тәжірибесімен және дәрі-дәрмекпен бөлісті,- дейді Үндістанның елшісі Шубдхаршини Трипати ханым.Үндістанда 313 000 ковидке қарсы вакцинациялау орталықтары мен 740 000 адамнан тұратын вакцина салу отряды құрылған. Оның ішінде 264 мыңнан астам вакцина егуші жасақталған, мұның барлығы вакцинациялау қозғалысының ауқымды жүргенін көрсетеді.
Жақында вакцинаны жеткізу елдің солтүстік-шығыс аймағында пилоттық түрде дрон арқылы жүргізілді. Жүкті және бала емізетін әйелдерге, мүгедек жандарға, қаңғыбастар мен басқа да осал топтарға көмек көрсетуге ерекше назар аударылды. Сонымен қатар бағдарлама енді қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыс орнындағы COVID вакцинациялау орталықтарын, үйге жақын вакцинациялау және мобильді вакцинация бөлімшелерін қамтиды. Балаларға қауіпсіз білім беруді қамтамасыз ету үшін мектеп мұғалімдеріне басымдықпен вакцинация жүргізілді,-делінген хабарламада.