Үндістанның оңтүстігінде жолаушылар пойызы мен жүк пойызы соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Салдарынан 12 вагон рельстен шығып, 19 азамат жарақат алды. Бәрі шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.
Теміржол қызметі өкілдерінің айтуынша, жүрдек пойыз негізгі жолдың орнына айналма қозғалысқа шығып кеткен. Қазір аймақтағы апатқа байланысты теміржол қозғалысы кестесіне өзгертулер енгізіліп, кей пойыздардың жүру уақыты кейінге шегеріліп жатыр.