Үндістан мен Шри-Ланкада тасқыннан опат болғандар саны 19 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Метереологтардың айтуынша, кейінгі 30 жылда алғаш рет тым көп жауын түскен. Артынша өзен суы деңгейінен көтеріліп, арнасынан тасыды. Мұнан соң аймақты су басып қалды. Салдарынан қозғалыс шектеліп, жүріс-тұрыс тоқтады. Егістік алқаптарын тасқын су шайып кеткен.
Қазір құтқару қызметі зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп жатыр. Мамандар алапат табиғат апатын Фенгал циклонымен байланыстырады.