Үндістан КВИ жұқтырғандар саны бойынша ІІ орынға шықты

8 Қыркүйек 2020, 18:01
1154
Бөлісу:
Үндістан КВИ жұқтырғандар саны бойынша ІІ орынға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, елде 4 млн 200 мың адам вирус жұқтырған, деп хабарлады ru.euronews.com.

Үндістан Бразилияны басып озып, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, елде 4 миллион 200 мың адам вирус жұқтырған. 71 мыңнан астамы қайтыс болды. Әлемнің өзге елдері арасында індетті мұнша көп жұқтырған елдер - АҚШ пен Бразилия.

Дүйсенбі күні бір тәулік ішінде жергілікті дәрігерлер 90 мың жаңа COVID-19 жағдайын тіркеді. Алайда, билік пандемия басталғалы бері енгізілген шектеулерді алып тастауды жалғастыруда.

Дели, Мумбай, Гургаонда біз аурудың жаңа жағдайларын барлық жерде тіркеп жатырмыз және үйден шықпаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Бірақ, вирус  жұқтырғандар саны аз шағын қалалардың тұрғындарына сақтық шараларын жалғастыру керек екенін түсіндіру өте қиын, - дейді Ipe Global Денсаулық сақтау кеңесшісі Химанушу Сикка.

Қаржы жылының 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Үндістан экономикасы өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға құлдыраған.

Дүйсенбіде Нью-Делиде және 12 өзге ірі қалада бес айлық үзілістен кейін метро жұмысын ішінара қайта бастады. Маска тағу, әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті. Карантин енгізілгенге дейін бұл метроны күн сайын 2,7 миллионға жуық адам пайдаланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы