Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.
Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, еліміздің 9 өңірі «қызыл аймақта».
Індет Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау облыстарында өршіп тұр. Республиканың 6 өңірі – «сары аймақ», 2 өңірі – «жасыл аймақта».
1 шілдедегі жағдай бойынша үнділік штамды анықтауға 414 сынамаға ПТР скрининг жүргізілді. Нәтижесінде 48,3%-бен барлық облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында «дельта» штамм анықталды. Үнділік штамның таралуын есеп алғанда, соңғы екі аптада барлық өңірде аурудың таралуы байқалды. Індет 1,9 есеге өскен, - деді вице-министр.Коронавирустың «дельта» штамының жұғу қатері жоғары және айқындалған штамдарға қарағанда 60%-ға жұқпалы. Орта есеппен 1 адам 5-6 адамға вирусты жұқтырады деген сөз. Инкубациялық мерзімі де қысқа, 7 күнге дейінгі мерзімді құрайды деп отыр мамандар. Олардың айтуынша, індетті тоқтатудың ең негізгі шараларының бірі – вакцина алу. Бүгінгі таңда вакцинаның 6,3 млн дозасы қолданылған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2000-нан астам адам вакцинациядан соң коронавирусқа шалдыққан.