Үміт пен күдік

12 Қыркүйек 2022, 09:06
3205
Бөлісу:
Үміт пен күдік
PHOTO
Фото: автордан

Бұрын соңды облыс тарихында болмаған алапат өрттен  баспаналары жанып кеткен тұрғындарға арналып 91үйдің іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ  тілшісі.

Бір сәтте тілсіз жаудың кесерінен барлық жиған тергені мен баспанасынан айрылған тұрғындар үшін ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша аудан орталығы  Әулиекөл ауылында 91 үй салу туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда жаңа баспаналар салынып жатқан шағын ауданға бара қалсаңыз  нағыз қызған еңбектің куәсі боласыз.

Үміт пен күдік

Бұған дейін қажетті нысандарды техникалық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Әулиекөл ауданының әкімдігі үй салуға арналған жер телімдерін анықтап берді. Осыған байланысты аудан аумағындағы өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатқанда жаңа баспаналардың құрылыс жұмыстарына қатысты дайындық жұмыстары жүргізілді.Зардап шекен тұрғындардың 91 баспанасын салу үшін қысқа мерізімде 9 құрылыс мердігер анықталды. Соның нәтижесінде «CK KBS» ЖШС 15, «БК-Строй» ЖШС, «Строй Элит Дом» ЖШС және «Рудныйсоколовстрой» АҚ 14 үйден салады. Ал «Алюминстрой»  ЖШС 5 баспана, «Экспо – Транс» ЖШС 4 баспана, «BI CITY STROY» ЖШС 20 үй салып беретін болады. Ал жаңа тұрғын үйлерге тартылатын электр желісіне «ЭПК-forfait» ЖШС жауап берсе, көшелердің жолдарын төсеу «ВАН» ЖШС-нің еншісінде. Баспаналарға тартылатын ауыз су құбырына «BakBuilding» ЖШС, газ құбырына «Әлия-Сервис» ЖШС жауап береді. Барлық құрылыс жұмыстарының  мерзімі-2-2, 5 ай ғана,- дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Сондай-ақ, жаңадан бой көтеретін жаңа шағын ауданның болашақ тұрғындары үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. Ол «халық» қорының демеушілік есебінен 280 орындық балабақша бой көтермек. Жоғарыда айтылған шағын аудан неге тұрғындардың үйлері өртенген Аманқарағай ауылы емес, аудан орталығы Әулиекөлден салынып жатыр деген заңды сұрақ туындайтыны анық. Өрттен кейін салынатын  үйлердің құрылысы 2017 жылы әзірленген және мемлекеттік сараптамадан өткен жоба аясында іске асып жатыр. Ол Әулиекөл аудандық мәслихатының шешімімен бекітіліпті. Әулиекөл ауылының қолданыстағы бас жоспары шеңберінде  жүзеге асып отыр. Екінші жағынан болашақта орман арасындағы ауылдың қасіретінен жүректері шайлығып қалған жергілікті әкімдік халықтың қауіпсіздігін бірінші орынға қойып отыр.

Үміт пен күдік

Осы арада баспанасы өртеніп, ауыр күйзелісті арқалап жүрген Аманқарағайлықтардың арасында өзара түсінбеушіліктер туындап отыр. Бір сөзбен айтқанда халықтың бір бөлігі аудан орталығы Әулиекөл ауылында жаңа салынып жатқан шағын ауданның құрылыс жұмыстарын қолдап, жаңа үйге көшуді асыға күтіп отырса. Енді бір бөлігі өздерінің кіндік қаны тамған ауылы Аманқарағайдан басқа жерге баруға үзілді – кесілді қарсы. Осы орайда Әулиекөл ауданы әкімінің өз айтар уәжі бар.

2018 жылы аудан орталығы Әулиекөл ауылын дамытудың бас жоспары әзірленді. Қазіргі уақытта бұл бас жоспар жүзеге асырылуда.  Заң жүзінде тиісті құжаттамамен бекітілген бас жоспар деп айтуға болады. Оған қажетті мемлекеттік сараптама алынды.Бұл кейбіреулер айтып жүрген секілді бір күн ішінде қолдан жасай салған сурет емес. Қазір алғашқы баспаналардың іргетастары қаланып, қазықтары қағылды, - дейді Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов.

Енді келіспей жүрген тұрғындардың пікіріне құлақ тұрсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауданға келіп кеткен соң, жергілікті шенеуніктер ауыл тұрғындарын жинап, қандай да бір талқылаусыз Аманқарағай ауылынан Әулиекөлге көшпесе болмайтынын айтқан. Міне осы арадан «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры»  басталып кеткен. 

Үміт пен күдік

Бізді жергілікті әкімдіктің көшіріп апарғалы тұрған жерінің қолайсыздығы мазалайды. Ол маңай батпақ пен сортаң жер. Жердің бетін қопарсаң су шыға келеді. Біздің үйлерде үнемі ылғал болады деген сөз. Кеңес заманында да бұл жерде ешкім ештеңе салған жоқ, өйткені топырақ өсімдіктер мен бақшаны өсіруге арналмаған.  Ал іргемізде зират тиіп тұр. Біз бұл жерде өмір сүргіміз келмейді, - дейді құрылыс жұмыстарына келіспей артық байлам салып жүрген Аманқарағай ауылының тұрғыны Владимир Гейгер.

Ал шынтуайтына келгенде облыстық әкімдік пен аудандық әкімдік тарапынан құрылыс жұмыстарына қатысты барлық сараптамалық жұмыстар бір емес бірнеше қайта жүргізілген.

Үміт пен күдік

Бас жоспарға сәйкес, бұл аумақ 24 га жер оған болашақта 530 үй салу үшін белгіленген. Орналасқан жерді анықтау кезінде, әрине, геологиялық зерттеулер жүргізілді. Аталған учаскеде екі геологиялық сараптама жүргізілді, олардың қорытындылары бар. Топырақтың құрамы ылғал бәрі анықталады. Сол ылғал 3 метр және одан төмен деңгейді көрсетті. 
Осының негізінде қазір тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжатарын әзірлеуді Құрылыс істері жөніндегі комитет жанындағы ҚазҚСҒЗИ жүргізеді. Іргетастардың жобалық шешімдері анықталған: арматураланған арматуралық белдеу, іргетас блоктары және монолитті плита. Оған қатысты мемлекеттік сараптама да жүргізілетін болады, - дейді дейді облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Расын айтқанда осынау қиын сәтте өртеген мүліктерін ойлап құлазып отырған көңілдерді жұбатудың орна  үй ішінен үй тігіп, үйім өртенді менің айтқаным заң дейтін ауыл тұрғындарына қарап қарның ашады екен. 

Үміт пен күдік

Біздің басымызға қиын іс түскенде тұтас еліміздің қамқорлығын сездік. Сезіп те жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен демеу болып тұр. Өртеген дүниенің орны толар. Ең бастысы басымыз аман. Үйіміз салынып жатыр. Ендігі арманымыз қыс түспей жаңа баспанаға қоныстансақ болды. Басқа қаңқу сөздерге айтарым «ит үреді керуен көшеді» дегім келеді , - дейді үйі өртеніп кеткен ақсақал Аманжол Ахметов.

Иә расында қазіргі Әулиекөлдегі жаңа баспаналардың құрылыс жұмыстарына қарап тұрып ертеңгі күнге деген үміт алға жетелегендей күй кешсең, жасалып жатқан игі істерге риза емес тұрғындарды кездестіргенде сол көңіл құрқұрға кірбің түсіп күдік орнағандай болдық. Қазір сол ауданның әрбір тұрғыны үміт пен күдіктің ортасында жүр десем қателеспеймін.

Өзгелердің жаңалығы