Ұлытаудағы өртке байланысты комиссия құрылды

5 Шілде 2021, 13:06
1790
Бөлісу:
Ұлытаудағы өртке байланысты комиссия құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында жарияланған төтенше жағдайға байланысты комиссия құрылды.

Облыстың Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округінде дала табиғи өрттері болуына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.

Өрт далаға тарауда. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті барлығын тұрақты бақылауда ұстап отыр. Өртті жою бойынша операцияны басқару ТЖ болып жатқан ауданға келіп жеткен облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаровқа тапсырылды. Малы қырылған немесе жайылымдары өртеніп кеткен фермерлердің залалын бағалау жөнінде комиссия құрылды,- делінген Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ұлытау ауданының үш округіндегі дала өрттерін жоюға 216 адам және 28 бірлік техника тартылған. Баспасөз қызметі облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жағдайды жеке бақылауда ұстап отыр деп хабарлады.

Айта кетейік, өрттен Ұлытау ауданы Қоскөл ауылынан ер адамның өртенген денесі табылған.

Өзгелердің жаңалығы