Ұлытауда жолда қалған төрт адам құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Ұлытау облысында ақаулы автокөліктен 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 17 Ақпан 2025 2025, 00:25
17 Ақпан 2025 2025, 00:25
635
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

ТЖМ құтқарушылары Ұлытау облысында ақаулы автокөліктен 4 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өңірдегі Ұлытау ауылынан 25 шақырым жерде Стандарт қыстағының маңында 4 жолаушысы бар жеңіл автокөлік бұзылып қалған.

Оқиға орнына құтқарушылар шығып, Ұлытау ауылына 4 адамды эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Наверх