Ұлытауда «Жайлы мектеп» 6 заманауи мектеп салынады

Ұлытау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 6 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 3 Қазан 2023 2023, 09:18
3 Қазан 2023 2023, 09:18
1045

Ұлытау облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында 6 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мектеп 2024 жаңа оқу жылында ашылу жоспарлануда. Оқу орны Жезқазған қаласындағы «Қабанбай батыр» ықшам ауданында бой көтереді. 300 оқушы орнына арналған нысанның құрылысын «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС жүргізбек.

Облыс орталығындағы ұлттық жобаның жүзеге асырылуымен Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетов танысып, Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ыдырысов Алмаз Серікболұлымен инженерлік желілерді тарту бойынша жобаны талқылады.

Қос тарап мектепке кіреберіс жолдардың орналасуы мен автотұраққа арналған жер телімінің бөлінуін де қарастырды. Сондай-ақ, болашақ оқу ошағының учаскесін сумен және интернет желісімен қамтамасыз ету қажет.

Наверх