Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 4 қаңтарда Қызылорда-Павлодар автожолында екі автокөліктің қатысуымен болған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тапты.
Бұл факт бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға орнында барлық жағдайлар мен себептерді анықтайтын тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
Ұлытау облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың қажеттілігін ескертеді. Өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыз, - деп атап өтті облыстық ПД.