Ұлытауда қар құрсауында қалып қойған екі адам құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары Ұлытауда қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Арман Мухатов  -архив 30 Желтоқсан 2024 2024, 06:27
30 Желтоқсан 2024 2024, 06:27
779
Фото: -архив

ТЖМ құтқарушылары Ұлытауда қар құрсауында қалып қойған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Ұлытау облысында Ұлытау ауылынан 20 шақырым жерде екі адам отырған автокөлік қар құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне шығарды. Олар одан әрі өздерінің бағытымен жүріп кетті.

ТЖД қызметкерлеріне рахмет. Жедел түрде келіп, көмектесті. Бензин бітейін деп жатқан. Тез арада келді, - деді ер адам.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх