Ұлытауда "Көкмайса-2024" этно-фестивалі өтті

30 Маусым 2024, 15:06
291
Бөлісу:
Ұлытауда "Көкмайса-2024" этно-фестивалі өтті
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Дәстүрлі іс-шара биыл Ұлытау облысында тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әімдіктің мәліметнше, жас ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіретін облыстық фестиваль барысында қымызмұрындық рәсімі, киіз басу, ши тоқу, ұсталық өнер, арқан есу, қамшы өру сынды бұл күндері ұмытыла бастаған зергерлік өнер, домбыра жасау ұлттық қолөнер түрлерінен және қымыз ашытудан шеберлік сағаты өтті.

Жыл сайынғы дәстүрге айналып келе жатқан «Көкмайса» этно фестивалі карантин уақытында үзіліп қалып еді, биыл қайта жаңғырып қуанышымызды еселеп жатыр. Осы жылы жүлде қоры 4 000 000 теңгені құрайды. Соның аясында 11 спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды. Қатысушыларға сәттілік тілеймін,-деді Ұлытау облысы әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов.

Этно-фестиваль идеясының авторы, өлкетанушы Бақтияр Қожахметовтің айтуынша, «Көкмайсаның» қазір ауқымы кеңею үстінде. Ұлттық сусынымыз - қымыздың қасиетін дәріптейтін дәл осындай іс-шараны ұйымдастыруда соңғы үш жылда Ақмола облысының Атбасар, Степногорск, Қорғалжың, Ерейментау және Павлодар облысының Шарбақты аудандары белсенділік танытып келе жатыр.

Айта кетсек салт-дәстүрімізді насихаттайтын фестиваль бұл жолы Ұлытау ауданының «Шыңғыс алаңында» өтті. Оған Түркістан облысынан, Қаражал қаласы, Жаңаарқа ауданынан қонақтар келді.

Өзгелердің жаңалығы