Ауқымды өртті ауыздықтауға 45-ке жуық қызметкер атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 шілде сағат 06:15-те өрт сөндірілді.
Өрт аумағы 1500 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге Ұлытау облысы ТЖД және ТЖД күштері мен құралдары 45-ке жуық адам мен 12-ден астам техника жұмылдырылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, 30 шілдеде Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөп өртенді.