Ұлытау облысының газдандыру деңгейі 2,7%-ды құрайды

19 Шілде 2023, 19:48
439
Бөлісу:
Ұлытау облысының газдандыру деңгейі 2,7%-ды құрайды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлытау облысының газдандыру деңгейі 2,7%-ды құрайды немесе 5950 адам табиғи газбен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 19 шілдеде Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов осылай деді.

Жезқазған қаласын газдандыру жобасы жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрайтын 3 кезектен (7 іске қосу кешені) тұрады. Бүгінгі күні 2 іске қосу кешенінен тұратын 1-кезек аяқталды, сондай-ақ 2-кезекті іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның біріншісін іске қосу кешені аяқталды, екіншісін іске асыру сатысында. Бюджеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджет қаражатынан 2023 жылы Ұлытау облысы үшін 2 жобаны (1 жалғасып жатқан жоба және 1 жаңа жоба) іске асыруға 3 млрд теңге көзделген, - деді министр.

Сондай-ақ Әлібек Жамауов Министрлік ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Сұйытылған мұнай газын (СМГ) ішкі тұтыну көлемі 2022 жылы еліміз бойынша 1,8 млн тоннаны құрады. 2021 жылмен салыстырғанда тұтыну 400 мың тоннаға өсті.

Бұл ретте СМГ-ны өндіру теріс динамиканы көрсетеді. Осылайша, өндірушілер үшін инвестициялық тартымдылықтың төмендігіне байланысты өндіріс 2022 жылы шамамен 400 мың тоннаға қысқарды.

Көрші елдермен салыстырғанда ҚР-да СМГ бағасы 3-4 есе төмен. Ұлытау облысы үшін баға 1 литріне 76-81 теңгені құрайды.

Өңірде 1 газ толтыру станциясы (көтерме) және 18 автомобильге газ құю станциясы бар.

Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2022 жылы 1,7 мың тоннаны, 2023 жылғы қаңтар-маусым кезеңінде – 0,8 мың тоннаны құрады. СНГ шекті бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік бағалық реттеуді 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделген.

Өзгелердің жаңалығы