Ұлытау облысындағы Есқұла су құбыры жыл соңында іске қосылады

20 Қазан 2023, 19:24
806
Бөлісу:
Ұлытау облысындағы Есқұла су құбыры жыл соңында іске қосылады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

2023 жылдың соңына дейін Ұлытау облысында Есқұла су құбырын іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Оның құрылысы 2010 жылы басталған болатын. Су құбыры сынақ режимінде іске қосылады. Ал нысанды тапсыру келесі жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданында Қоянды топтық су құбырының 6 ұңғымасын тапсыру күтілуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жобаны аяқтау жоспарланған. Бұл «Тақыркөл» бас су қабылдағышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су құбырының екінші желісін салу және қолданыстағы Талап топтық су құбырын кеңейту.

Бұл қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатқан жобалардың бірнешеуі ғана. Биыл Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 34 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 2025 жылға қарай 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізуі тиіс, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы