Ұлытау облысында ТЖМ қызметкерлері жоғалған 5 адамды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, кеше Жезды кентінен жеңіл автокөлікпен бес адам "Бидаш-ана" шаруа қожалығына шығып, хабарсыз кеткен.
Бүгін туыстары құтқарушылардан көмек сұрады. ТЖМ күштері дронның көмегімен іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру тобы жоғалғандарды тауып, Жезді кентіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Жолаушылар техниканың ақаулығынан олар қар құрсауында қалып қойғаны айтылды.