Ұлытау облысында тұрғын үйден өрт шығып, жеті адам құтқарылды

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 26 Қараша 2026, 06:35
26 Қараша 2026, 06:35
156
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлытау облысының Қаражал қаласында Тойымбеков көшесіндегі үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді. Құтқарушылар өртті сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарына кірісті.

Өрт сөндіру кезінде тұрғындардың қауіпсіздігіне басымдық берілді. Үш иінді баспалдақтың көмегімен өрт сөндірушілер үшінші қабаттан жеті адамды, оның ішінде төрт баланы эвакуациялады.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында тұрғындар қауіпті аймақтан уақытылы шығарылды. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Наверх