Ұлытау облысында қызылша жұқтырғандар саны артты

27 Желтоқсан 2023, 08:48
541
Бөлісу:
Ұлытау облысында қызылша жұқтырғандар саны артты
Фото: baq.kz

Кейінгі 2 айда 147 адам дертке шалдыққан. Олардың 90 пайыздан астамы 14 жасқа толмаған бала. Өңірдегі 13 мектеп пен 12 балабақшада кеселдің ошағы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі екпе салдырмаған. Облыс бойынша 13 мыңға тарта адам иммундаудан өтуі тиіс болатын, бірақ, қазіргі көрсеткіш 50 пайызға да жетпейді. Дәрігерлер қазір тұрғындарға екпенің керегін айтып, үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті.

Қызылша дерті жаппай тарала бастаған соң, 210 орындық арнайы инфекциялық стационар жасақталды. Емдеу мекемелерінде орын тапшылығы жоқ. Тиісінше ем-дом жасалып жатыр. Қуантатыны, бүгінге дейін кісі өлімі тіркелген жоқ және жүкті әйелдер арасында жұқпалы дерт анықталған жоқ, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев.

Өзгелердің жаңалығы