Ұлытау облысында креативті хаб ашылды

Бүгiн, 00:28
197
Бөлісу:
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған.

Мұнда оларға барлық қажетті цифрлық және шығармашылық жағдай жасалған. Ауданы 400 шаршы метр болатын ғимарат тақырыптық зертханаларға бөлінген. Атап айтқанда, 3D модельдеу, зергерлік өнер, ұлттық киім, кескіндеме залы, домбыра мен қобыз жасау шеберханалары секілді 13 аймақтан тұрады.

Қазіргі уақытта хабта 30 шебер жұмыс істейді. Бұл алаңның мүмкіндіктерін кез келген адам пайдалана алады.

Ұлытау облысының креативті орталығы бірыңғай инфрақұрылымы, қолдау және көмек құралдары бар республикалық экожүйенің бір бөлігіне айналады.

Өзгелердің жаңалығы