Ұлытау облысында далада қалған үш тұрғын құтқарылды

Бөлісу:
Ұлытау облысында далада қалған үш тұрғын құтқарылды
Фото: скрин

ТЖМ құтқарушылары Жезқазғаннан 40 шақырым жерде далада тұрып қалған Талап ауылының үш тұрғынын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, күндіз олар көлікпен мал іздеуге аттанып, бірақ көлік құралының ақаулығына байланысты орала алмай қалған.

112 қызметіне болған жайтты хабарлап, фермерлер көмекке жүгінді. Зардап шеккендер елді мекенге аман-есен жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет емес еді, - деп жазылған мәліметте.

ТЖМ азаматтарға автомобильдің жарамдылығын үнемі тексерудің қажеттігін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы