Ұлытау облысы ТЖД-не жаңа құтқару техникасы берілді

21 Қазан 2023, 14:11
650
Бөлісу:
Ұлытау облысы ТЖД-не жаңа құтқару техникасы берілді
Фото: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі

Құтқарушы күні кәсіби мерекеде облыстың қала-аудандарына толық жабдықталған су жаңа қызметтік көліктер берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Автокөліктердің кілтін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы салтанатты түрде табыс етті.

Тоғыз техниканың ішінде өрт сөндіру автоцистернасы, 32 метр болатын 9 қабатты автосаты, авариялық-құтқару автомобилі, құтқару автокөлігі, жедел-жеңіл автокөліктер бар.

Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Есен Байыров жаңадан келген материалдық-техникалық жабдықтардың қызметін таныстырды.

Кілт табыстау рәсіміне Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов та қатысып, құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады.

Берік Әбдіғалиұлы өз кезегінде апатты жағдайға қажетті техникаларды алу жұмыстары алдағы уақытта жалғасатынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы