Ұлытау облысы су қаупі бойынша бақылауда

8 Сәуір 2024, 13:28
452
Бөлісу:
Ұлытау облысы су қаупі бойынша бақылауда
Фото: Скрин

Бұл жайлы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлытау облысы бойынша қазіргі уақытта жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Су қаупін алдын-алу жағдайында негізгі өзендер Кеңгір, Жезді және Сарысу өзендері бойынша алдын-ала шаралар жүргізіліп жатыр. Облыс көлемінде су басу қауіпі бар. Бірақ бақылауда ұстап отырмыз. Судың деңгейі төмендеді. Ұлытау және Жаңарақа аудандарында 22 үйді су басып, сол елді-мекендерге түрғындармен қосылып, сараптама жүргізілуде. Сараптама шыққан соң тұрғындардың үйлерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды бастаймыз. Үш күннің ішінде ол жұмыстарды аяқтаймыз. Облыс бойынша 2764 автокөлік жолы, 91 өткізуші құбыр, 24 көпір, 738 шақырым теміржол,241 су өткізгіш қондырғылар бар. Осы қондырғыларды жылу беру маусымы уақытында тазалап, су өткізгіш құралдары арқылы қалпына келтірдік. Осының арқасында су басу қаупін сейілттік. Ауа райының өзгеруіне байланысты Жезді кентіне су өте көп мөлшерде келіп, біраз қауіп төндірді,- деді Ұлантай Үсенов.

Өзгелердің жаңалығы