Ұлытау облысы: Кеніште оқыс оқиға болып, алты жұмысшы зардап шекті

27 Қазан 2023, 06:33
565
Бөлісу:
Ұлытау облысы: Кеніште оқыс оқиға болып, алты жұмысшы зардап шекті

Ұлытау облысында "Қазақмыстың" "Жыланды" кенішінде жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан алты адам зардап шегіп, екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақмыс" тобы баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қазанда екінші ауысымда "Жыланды" кенішінің конвейерлік учаскесінің бастығы "Стакер" жетек барабанын апаттық жөндеуге 6 қызметкерден тұратын бригадаға жазбаша нұсқау берген.

Стакердің таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлаған.

Салдарынан барлық алты қызметкер Жезқазған қаласының "медициналық орталығына" жіберілген.

Бүгінгі таңда 2 қызметкер травматология бөлімінде, қызметкерлердің жағдайы қанағаттанарлық, ауырлық дәрежесі белгіленеді. Төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі, - делінген "Қазақмыс" тобы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқиғаның себептері анықталу үстінде.

Өзгелердің жаңалығы