Ұлыбританияда жаңа премьердің есімі 5 қыркүйекте белгілі болады

23 Тамыз 2022, 18:48
958
Бөлісу:
Ұлыбританияда жаңа премьердің есімі 5 қыркүйекте белгілі болады

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрінің есімі 5 қыркүйекте жария етіледі,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазір екі үміткер бар. Бұл сыртқы істер министрі Лиз Трасс және бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак. 

Жүргізілген сауалнама нәтижелері Трасс ханымның жеңіске үміті мол екенін көрсетіп отыр. Бұл жағдайда ол премьер-министр болып сайланған үшінші әйел атанады. 

Ел тарихында бұған дейін министрлер кабинетін Маргарет Тэтчер мен Тереза Мэй басқарған. 

Айта кеткен жөн, өткен айда саяси жанжалдардан кейін БОрис Джонсон отставкаға кететінін жария етті. Осыдан кейін премьер-министр орнына 8 үміткер таласқа түскен еді. 

20 шілдеде парламент мүшелерінің арасында өткен дауыс берудің бесінші кезеңінің қорытындысы бойынша, 2 кандидат қалды.

Өзгелердің жаңалығы