Ұлыбританияның Оңтүстік Уэльс өңірінде орналасқан ВАЕ Systems ірі қорғаныс компаниясының зауытында жарылыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Mirror-ге сілтеме жасап.
Компания жан-жақты тексеру басталғандығын атап өтті. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Glascoed зауыты 1940 жылы салынған және оны корольдік әскери-теңіз флоты екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бомба өндіру үшін қолданған. 1980-жылдары корольдік артиллериялық зауытты жекешелендірген соң ол Royal Ordnance компаниясының бір бөлігіне айналды. Ал кейінірек BAE Systems өндірістік бөлімшесі болып қайта ашылды.