Ұлыбритания Таяу Шығыстағы одақтастарына дрон жеткізуді қарастыруда

The Sunday Telegraph хабарлауынша, Ұлыбритания билігі Octopus дрондары ирандық Shahed үлгісіндегі ұшқышсыз ұшақтарға қарсы тиімді болуы мүмкін деп есептейді.

 REUTERS / Jamal Awad Кеше 2026, 06:35
Кеше 2026, 06:35
156
Фото: REUTERS / Jamal Awad

Ұлыбритания Таяу Шығыстағы одақтастарына Украинамен қорғаныс серіктестігі аясында шығарылатын Octopus тосқауыл дрондарын жеткізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Sunday Telegraph газеті дереккөздерге сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Басылымның мәліметінше, Лондон мен Киев 2025 жылдың соңында Ұлыбританияда Octopus тосқауыл ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару туралы келісімге қол қойған. Бұл дрондар негізінен әуе қорғанысы қажеттіліктеріне арналған.

Дрондарды құрастыру Ұлыбританияда биыл қаңтарда басталды. Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың өндірісі айына бірнеше мың данаға дейін жетуі мүмкін.

The Sunday Telegraph хабарлауынша, Ұлыбритания билігі Octopus дрондары ирандық Shahed үлгісіндегі ұшқышсыз ұшақтарға қарсы тиімді болуы мүмкін деп есептейді. Осыған байланысты Лондон Таяу Шығыстағы серіктес елдерге бірнеше мың тосқауыл дронын жеткізу мүмкіндігін қарастырып отыр.

Наверх