Ұлыбритания үкіметі басқа Еуропа елдерімен бірге Гренландияның қауіпсіздігін нығайту және оның АҚШ-қа қосылуына жол бермеу мақсатында аралға әскери контингент жіберу мүмкіндігін талқылауда. Бұл туралы The Sunday Telegraph жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Британдық әскери қолбасшылық НАТО миссиясын құру жоспарын әзірлеуде. Соңғы күндері Ұлыбритания Франция мен Германия өкілдерімен кездесулер өткізіп, әскери контингентті орналастыруға дайындықты бастады. Жоспарлар әлі ерте сатыда, бірақ Лондон қажетті жағдайда әскери персонал, кемелер мен ұшақтарды бөле алады деп болжануда.
Еуропа елдері Солтүстік Атлантикалық Альянстың Гренландиядағы қатысуын арттыру арқылы АҚШ президенті Дональд Трампты аралды қосу ниетінен бас тартуға көндіруді көздеп отыр. NATO миссиясының құрылуы қауіпсіздік шығындарын Еуропа елдерімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Гренландия Данияның автономды аумағы болып саналады. 1951 жылы АҚШ пен Дания аралды қорғау туралы келісімге қол қойған.