Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы талқыланған халықаралық конференция өтті

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 16 Қазан 2024 2024, 21:30
16 Қазан 2024 2024, 21:30
1615
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференция өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары, қазақстандық археологтар, өлкетанушылар, тарихшылар және мұғалімдер қатысты.

Конференцияда Ұлы Жібек жолының бейбітшілік, келісім, тұрақтылық пен халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы орны мен рөлі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен насихатталуы талқыланды.

Сондай-ақ іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты көрме ұйымдастырды.

Наверх