"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды

21 Мамыр 2024, 10:55
266
Бөлісу:
"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды
PHOTO
Фото: Ұлтспорт

20 мамырда "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таңғы 7.00-де 16 команда Екібастұз қаласы маңынан Павлодар облысы аумағындағы Төртқұдық елді мекеніне аттанды.

"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды

Ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірлерінің өкілдерін біріктіретін спорт әлеміндегі ерекше оқиға қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырым және бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі Төртқұдық елді-мекені маңында аяқталды.

Биыл "Ұлы дала жорығына" еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы "Рекорд" командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің Арғымақ жылқылары әдейі енгізіліп отыр. "Рекорд" командасының сап түзеп, жорыққа шығуындағы басты мақсат - нағыз қазақи жылқылардың ел арасында танымалдылығын арттыру, кеңінен насихаттау, - деп атап өтті "Joryq" федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков.

"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды

Екінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде Батыс-Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

"Ұлы дала жорығы". БҚО командасы жарыстан шығып қалды

Екінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмола облыстарынан екі аттан, ШҚО, Жетісу, Қарағанды, облыстары мен Астана қаласынан бір-бір аттан жарысқа жарамсыз деп танылды. Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады. Жалпы 21 мамырда 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.

100 км:

  1. Алматы қаласы - 6 сағ. 46 мин.
  2. Жетісу облысы - 6 сағ. 48 мин.
  3. Маңғыстау облысы - 6 сағ. 52 мин.
  4. Қостанай облысы - 6 сағ. 59 мин.
  5. ШҚО - 7 сағ. 03 мин.
  6. Жамбыл облысы - 7 сағ. 27 мин.
  7. Қарағанды облысы - 7 сағ. 44 мин.
  8. Астана қаласы - 7 сағ. 58 мин.
  9. Ақмола облысы - 8 сағ. 04 мин.
  10. Түркістан облысы - 9 сағ. 04 мин.
  11. Абай облысы - 9 сағ. 09 мин.
  12. Павлодар облысы - 9 сағ. 42 мин.
  13. СҚО - 9 сағ. 45 мин.
  14. Ұлытау облысы - 10 сағ. 03 мин.
  15. «Рекорд» командасы.

Жеңімпаздардың марапаты: Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Сараптамалық қорытынды: Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Өзгелердің жаңалығы