Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі экономист, сазгер, ақын Ерқожа Тілепбердиев осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын Ұлттық валютамыз – теңге жасалып шыққан кезді еске алды.
Сол кезде ел экономикасын көтеру үшін жасалған шаралардың бірі – елдегі бағалы металдарды шетелге апарып, құнды қағазға айырбастау болатын. Ал Кеңес үкіметінен қалған ескі банкноттарды қайтару, оны өртеу жұмыстары кезіндегі қызықты оқиғаларды да осы видеодан тамашалай аласыздар.