Павлодарда Ұлттық ұлан сарбаздары ант берді

2 Тамыз 2020, 16:27
4585
Бөлісу:
Павлодарда Ұлттық ұлан сарбаздары ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласының 6679 әскери бөлімі Алматы, Ақмола облыстарынан және Нұр-Сұлтан қаласынан келген жас сарбаздармен толықты, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Жас сарбаздардың әскери ант қабылдауына арналған рәсім 6679 әскери бөлімінің саптық алаңында өткізілді.

Карантин режимінің енгізілуіне байланысты және санитарлық нормаларды сақтау мақсатында әскери ант қабылдау рәсімі алғаш рет онлайн режимде өтті. Сарбаздардың ата-аналары және туған-туыстары өз балаларының маңызды әрі жауапты сәтін ресми Instagram-дағы арнасы арқылы тікелей эфирден тамашалады, - деді тәрбие жұмысы бөлімшесінің басшысы майор Аслан Оразалин.

Сарбаздарды ант қабылдауымен әскери бөлімнің командирі подполковник Аян Сәтпаев құттықтады.

Құрметті жас жауынгерлер, бүгін сіздер Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін адал қызмет етуге әскери ант қабылдадыңыздар. Біз, әскери бөлімнің басшылығы, сіздердің Қазақстан халқының және оның заңды түрде сайланған Президентінің алдында қабылдаған анттарыңызды ар-намыс және қадір-қасиетпен орындап шығатындарыңызға кәміл сенеміз. Ал, біз өз кезегімізде сіздердің әскери борыштарыңызды ойдағыдай орындап шығуларыңызға қолайлы жағдайлар жасаймыз, – деді ол құттықтауында.

Әскери бөлімнің мәлімдеуінше, алғашқы әскери даярлық курсынан өткен жас жауынгерлер қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін күзету бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын.

Өзгелердің жаңалығы