Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда теміржол вокзалы аумағында кезекті патрульдік қызметте жүрген 5512 әскери бөлімінің сақшылары көшеде өзіне сенімсіз, мас адамша қисалаңдап жүрген адамды байқап қалады, деп хабарлайды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы.
Ескертуге ашуланып, бейәдеп сөздер қайтарған азаматты тоқтатқан сақшылар азамат К-ның құжаттарын тексеру барысында оның бұрын соңды ҚР ҚК 160 бабы, 1 тармағы бойынша сотталғанын, ал қазір «Camry» автокөлігін ұрлау дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталады. Күдікті бірден Павлодар қалалық полициясының №4 учаскелік пунктіне жеткізілді.