Ұлттық ұлан ардагері әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының» ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан VII Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі 18 Маусым 2023 2023, 20:56
18 Маусым 2023 2023, 20:56
1175
Фото: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының» ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан VII Әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жарысқа Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті қолдау көрсетті. 

Әлем чемпионатына 28 елден Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Қазақстан т.б. 300-ге жуық спортшы қатысты.

Чемпионат «Жекпе-жек» және «Өзін-өзі қорғау» түрлері бойынша өтті. Жарыста Ұлттық ұлан ардагері әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Чемпионаттың соңғы күні әлемнің ең мықты спортшылары арасындағы әсерлі шайқастар арасындағы үзілістерде жанкүйерлер назарына отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарлама ұсынылды.

Наверх