Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы «Отан қорғаушылар» Монументі жанында Тұңғыш Президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде офицерлердің салтанатты шығарылымы өтті, деп хабарлады Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
150 магистрант Қазақстанның Қарулы Күштерінің офицерлік корпустың қатарын толықтырса, соның 22-і болашақта Ұлттық ұланда қызмет атқарады.
Салтанатты шараға еліміздің күш құрылымдарының және ЖОО-ның басшылығы қатысты. Құқықтық тәртіп әскерлерінің түлектеріне дипломдарды ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Альберт Маткаримов, Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Жұмабек Ахметов және Ұлттық ұлан факультетінің бастығы полковник Марат Батыров табыс етті.
Бүгін Қарулы Күштер қатары Қазақстанның ең беделді әскери оқу орнында оқыған кәсіби дайындалған офицерлермен толықты. Офицерлер стандарттан тыс шешімдер қабылдауға дайын жоғары білікті мамандар ғана емес, сондай - ақ күрделі жауынгерлік міндеттерді орындауға, бағыныстыларды ертіп, олардың өмірін сақтап қалуға қабілетті патриоттар антына адал болуға тиіс, - деді Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов түлектерге арнаған сөзінде.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің 22 әскери қызметшісі "Ұлттық ұландағы Менеджмент" білім беру бағдарламасы бойынша төрт біліктілік бойынша оқытудан өтті: " ҰҰ жедел-тактикалық басқармасы", "азаматтық қорғаныстың жедел-тактикалық басқармасы", "ҰҰ тәрбие және идеологиялық жұмысын ұйымдастыру" және "ҰҰ техникалық қамтамасыз етуді басқару".
Ұлттық ұлан факультетінің түлегі майор Мақсат Мұқаев оқу барысында жоғары оқу орнының барлық түлектерінің арасында ең көп балл жинағанын атап өткеніміз жөн.
Алдағы уақытта түлектер алған білімдерін Ұлттық ұланда әскери бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарында іс жүзінде қолданатын болады.