Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұлттық темір жол операторы халықтық ІРО-ға қашан шығады

Бүгiн, 12:39
71
Бөлісу:
 Gray StudioPro on Freepik
Фото: Gray StudioPro on Freepik

Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ халықтық ІРО-ға қашан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер компания басшылығынан: "ҚТЖ-ның қарызы азайды ма? Халықтық IPO-ға қашан шығады?" деп сұрады.

Біздің компаниямыз ІРО-ға шығуды келесі жылға жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда кредиттік портфеліміздің көлемі – 3,7 трлн теңгені құрайды, - деп қысқа қайырды "ҚТЖ" ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары Даир Көшеров.

Айтуынша, қарыз жылдың басында 2,9 трлн теңге болған.

Еске салайық, бұған дейін ҚТЖ мен QazaqGaz акцияларын халық қалай иеленетіні туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы