Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден «Ауыл» партиясының «Мейірім құшағы» әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі комиссиясының бірінші отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отбасы институтын ұлғайту - халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесімен астасып жатқан маңызды мәселе. Салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз отбасылық құндылықтармен тығыз байланысты. Біз осыған баса мән беріп, жан-жақты насихаттауымыз керек. Өкінішке қарай, соңғы кездері елімізде ажырасу көп. Ал әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық фактілері күн сайын тіркеледі, - деді Әбден.
Осының барлығы қоғамда отбасылық және ұлттық құндылықтардың әлсірегенін көрсетеді.
Отбасылық құндылықтар мен ұлттық тәрбие ауылдан бастау алады. Руханиятымыздың өзегі болып саналатын ауылдың әлеуетін барынша тиімді пайдалануымыз керек, - деп атап өтті депутат комиссияның отырысында.
Еске салсақ, Қарақат Әбден тағдыры қиын ауыл әйелдері туралы айтқан болатын.