Ұлттық спортты дамытуға қанша теңге бөлінді

15 Сәуір 2025, 10:39
510
Бөлісу:
Ұлттық спортты дамытуға қанша теңге бөлінді
Фото: BAQ.KZ

Мәжілісте ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелеріне арналған тақырыптық отырыста Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ұлттық спорт түрлерін дамытуға қанша қаржы бөлінгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының бюджеті 2025 жылы 1,2 млрд теңге, ал 2024 жылы 1,6 млрд теңге болды, - деді вице-министр.

Оның мәліметінше, ұлттық спорт түрлерін дамытуды қолдауды облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері де жүзеге асырып жатыр. Жалпы, 2024 жылы жергілікті бюджеттен 3,1 млрд теңге, ал 2025 жылы 4,8 млрд теңгеге ұлғайды.

Еліміздегі ұлттық спорттың бүгінгі күні бұқаралық сипаты ғана емес, халықаралық ареналардағы көрсеткен нәтижелері де артып келеді, - деп айтты Жарасбаев.

Өзгелердің жаңалығы