Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев спортшылардың Париж Олимпиадасына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сенат депутаты Әсем Рахметова Туризм және спорт министріне:
Жоғары жетістіктер спортына әр жылға орта есеппен 80-100 млрд теңгеден қаражат көзделген. Қаражат аз емес. Салыстырмалы түрде бұл бұқаралық спортпен пен ұлттық спортқа бөлінетін қаражаттан 10 есе көп. Спорттық медицинаны және ғылымды дамытуға арналған шығыстарды көріп отырғаным жоқ. Осы мәселелерді шешу үшін қандай нақты шаралар қабылдайсыз? Алдағы Париж олимпиадасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе аламыз ба?, – деп сұрақ қойды.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев былай деп жауап берді:
Біз бірқатар стратегиялық реформаларды әзірлеуге кірістік. Қысқа мерзім ішінде Ұлттық Олимпиада комитеті мен бүкіл федерацияларды және спортқа жанашыр адамдармен бірлесіп арнайы штаб құрдық. Париж Олимпиадасына дайындықты бастадық, – деді Маржықпаев.
Оның сөзінше, спорттың негізігі түрлерінің тізімі жасалып жатыр. Бас бапкерлерді конкурстық негізде тағайындау, өкілеттіктерін кеңейту және мәртебесін арттыру мәселесі қаралып жатыр.