Биыл маусым айында күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында Ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спортпен қатар басым бағыттар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерінің дамуына айрықша мән беріп келеді. Президент аясында "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңға бірқатар маңызды өзгеріс енгізілді. Биылдан бастап ұлттық спорттың барлық 11 түрі ресми түрде басым бағыт деп танылды. Енді олардың мәртебесі олимпиадалық спорт түрлерімен теңестірілді. Бұл – ұлттық спорт өкілдері мақсатты қаржыландыруға қол жеткізіп, ресми түрде жоғары жетістікті спорт санатына енетінін білдіреді, – деді ол.
Енді елімізде жыл сайын ұлттық спорт жарыстары өткізіліп тұрады.Олардың қатарында "Ақбидай" ауыл спорты ойындары, "Қазақстан Барысы" республикалық турнирі, "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі, этноспорт бойынша түрлі фестивальдер мен чемпионаттар өтеді.