Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов Атырау қаласында өттін Ұлттық құрылтайда қандай мәселелер талқылануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Атырау өңірінің оның өзінде Сарайшықты үшінші рет Ұлттық Құрылтайдың өткізілуіне таңдалуы кездейсоқ емес. Себебі, Ұлытау мен Түркістаннан кейінгі заңды таңдалған өлке. Қазақтың терең тарихына көз жіберсек кең даланың басын қосу үшін шебер дипломатия керек. Бұл таңдаудың артықшылығы Сарайшық тарихи мекенді әлемге танытудың бір жолы деп қабылдауға болады. Бұл Құрылтайда экономикалық мәселелер, цифрландыру мен құқықтық проблемалар айтылады деген ойдамын. Әсіресе, сейсмология мен экология пробомалары да өзекті. Мәдениетіміздің сан қырлы мәселелері де назарда болады деген ойдамын, - дейді Философия ғылымдарының докторы, профессор.