Қарағанды облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Бекзат Алтынбеков Ұлттық құрылтайда осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қаралы жиындарды ұйымдастыруға арнайы ереже жасамақ та, белгілі деңгейде жүйелеу қажет. Белгілі тұлғалардың қазасын да сол қайтыс болған тұлғаның абырой, беделін пайдаланып, қаралы үйдің босағасында азалы жиынды саясиландыру үрдісі белең алып бара жатыр. Бұл марқұмның беделін көтеру емес, тұтас бір әулеттің немесе белгілі бір аумақтың абыройына нұқсан келтіру, - деп айтты құрылтай мүшесі.
Ол мұндай іс-шаралардың тек мазмұнына ғана емес, ысырапшылдық пен даңғойлыққа да шектеу енгізу керек деп санайды.
Бекзат Алтынбеков осындай мәселелерге қатысты жадынама әзірлеу керегін айтты.