Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин ұлттық құрылтайда қозғалатын ең бірінші мәселені айтты.
Мемлекет басшысы ұлттық кеңестің жұмысын тоқтатып, ұлттық құрылтай құру қажет екенін айтқан еді. Әрине, қандай реформа жасасақта оның мақсаты болуы тиіс. Егер құрылтай құрылатын болса оның саны мен сапасын және немен айналысатынын анықтаумыз қажет, - деді ол “Ұлттық құрылтай - қоғамдық диалогтің жаңа моделі” атты Sarap эксперттік клубының отырысында.
Жаңбыршиннің айтуынша, ұлттық құрылтай – жаһандық мәселелермен айналысуы керек.
Ол жерде біздің барлық топтардың үні шығу қажет. Тек саяси партиялар емес, Үкіметтік емес ұйымдармен қатар белсенді азаматтар атсалысуы тиіс. Жалпы, мемлекеттің дамуына үлес қосатын мәселелер қаралуы қажет. Бастысы, халыққа ортақ мәселелердің қозғалуы, - деді ол.
Сондай-ақ ол әліде саяси трансформациялық өзгерістер жасау қажет екенін айтты.
Мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан ұсыныстардан бөлек, күнделікті өзгерістерге дайын болуымыз керек. Екініші мәселе, біздің шекаралық аймақтарда бірқатар мәселе бар. Ол жердегі демографиялық және әлеуметтік-экономикалық мәселелер құрылтайда талқылануы тиіс, - деді депутат.