Ұлттық құрылтай мүшелері Білім және ғылым мәселелерін талқылады

16 Маусым 2023, 14:25
1316
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай мүшелері Білім және ғылым мәселелерін талқылады
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 маусымда Түркістанда Ұлттық құрылтайдың алдағы отырысы аясында «Білім және ғылым» жұмыс секциясының отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Модератор ретінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі.

Сондай-ақ сессия жұмысына Білім министрі Ғани Бейсембаев қатысты.

Сессия аясында белгілі қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен сарапшылар: Ғарифолла Есім, Мұрат Әбенов, Асқар Жұмаділдаев, Гүлмира Илеуова, Ерлан Саиров, Марат Башимов, Андрей Чеботарев, Амангелді Толамисов, Мақсат Жабағин, Кәрімбек Құрманалиев, Нұрлан Дулатбеков және басқалар сөз сөйледі.

Секцияда цифрлық және жаңа технологиялық шындық, ұрпақтар сабақтастығын сақтау аясында қалыптасып келе жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктері талқыланды. Жоғары білім берудегі реформаларды жетілдіру, оның ішінде жоғары оқу орындарын басқарудың заманауи тетіктерін енгізу және оқытушылардың мәртебесін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Сарапшылар әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды дамыту және елдің жалпы идеологиялық негізін қалыптастыру мәселелеріне жеке тоқталды.

Сонымен қатар, секция жұмысы аясында орта білім беру, әсіресе ауылдық жерлерде мектеп инфрақұрылымын жақсарту мәселелері көтерілді.

Талқылау қорытындысы бойынша Ұлттық Құрылтай мүшелерінің мемлекеттік органдармен бірлесіп ұсыныстарын іске асыру жөніндегі арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысты шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы