Ұлттық құрылтай – ауқымды демократиялық институт

17 Маусым 2022, 10:19
1831
Бөлісу:
Ұлттық құрылтай – ауқымды демократиялық институт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кешегі өткен Ұлттық құрылтайға қатысты қоғам белсендісі, журналист Денис Кривошеев осылай деп мәлімдеді. 

Мемлекеттің ұйғарымымен және байсалды әкімшілік ресурстың тұжырымдамасымен құрылатын әрі қоғам өкілдері мүшелік ететін кез келген кеңесші орган ерекше мәнге ие. Әсіресе ол Мәжіліске тым болмағанда мажоритарлық қағидатпен депутаттар ішінара болса да сайлана бастағанша маңыздылығын жоғалтпайды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі де, Ұлттық құрылтай жағдайында да қоғам пікірін жеткізудің, сондай-ақ оны өзінің өкілдері арқылы нығайтудың тікелей жолы деп айтуға болады, - деп атап өтті қоғам белсендісі. 

Сондай-ақ ол біз қазір тарихи сәттердің куәсі болып отырғанымызды айтты. 

Құрылтайдың қызметін реттейтін және онымен байланысты барлық құжаттар барынша тиімді. Әрі құрылтай жұмысын ұйымдастырып отырған азаматтардың процеске жан-тәнімен беріліп жасағанын білдіреді. Ал құрылтайдың құрамына келер болсам, жүзден астам адамды қамтыған тізім барынша жіті зерттелген. Бұл жерде өзім туралы айтудан аулақпын. Алайда мүшелікке қамтылғандардың барлығы лайықты деп ойлаймын. Мейлі ол оппозиция болсын, мейлі партия өкілі болсын, бұл дауыстар үнсіз қалмайды. Халықтың көкейіндегіні ортаға салады. Ұлттық құрылтай – мемлекетте өзгерістер орын алуы үшін қызмет ететін үлкен демократиялық институт, - деді Денис Кривошеев. 

Өзгелердің жаңалығы