Ұлттық қор қаражаты тек ірі жобаларға жұмсалады – Бектенов

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасында Ұлттық қордан мақсатты трансферттер көзделмеген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Үкіметтің баспасөз қызметі 15 Шілде 2025 2025, 11:16
15 Шілде 2025 2025, 11:16
657
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасында Ұлттық қордан мақсатты трансферттер көзделмеген. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жуырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында осы мәселе жөнінде айтқан едім: алдағы үш жылдық республикалық бюджет жобасында Ұлттық қордан мақсатты трансферттер қарастырылмайды. Біз тек заңда белгіленген мөлшерде – кепілдендірілген трансфертпен ғана шектелеміз. Ал Ұлттық қордың қаражаты, Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, тек ірі инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуы тиіс, – деді Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, Ұлттық қор активтерінің сақталуы мен өсуі мәселесі Мемлекет басшысының, Үкімет пен Ұлттық банктің тұрақты бақылауында.

Бұл – аса маңызды мәселе, – деп атап өтті Бектенов.

Еске салайық, Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектенов және оның орынбасарларының қатысуымен БАҚ өкілдері үшін баспасөз брифингі өтіп жатыр.

Бұған дейін Бектенов экономикалық өсімді сақтау үшін тапсырмалар берген еді.

Наверх