"Ұлттық қор – балаларға": кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатыр

2025 жылы қанша бала Ұлттық қордан ақша алады? Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына арнайы сауал жіберген еді.

 BAQ.KZ  19 Наурыз 2025 2025, 16:47
19 Наурыз 2025 2025, 16:47
21588

2025 жылы қанша бала Ұлттық қордан ақша алады? Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына арнайы сауал жіберген еді.

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 2025 жылдың 1 наурызына дейін 18 жасқа толған балалардың 75 329-ы өз қаражатын пайдалануға өтініш берген, - делінген жауапта.

Олар жалпы 8 миллион АҚШ долларынан астам қаржыны шешіп алды. Оның ішінде:

43 781 бала – 4,65 миллион долларды тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдаланды.
31 548 бала – 3,35 миллион долларды білім алу ақысын төлеуге жұмсады.

2025 жылы барлығы 324 430 бала 18 жасқа толады, яғни олар да осы бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Жалпы, бағдарлама аясында 2025 жылы 6 921 035 балаға қаражат есептеледі. Әр балаға 129 доллар 38 цент бөлінеді, - дейді зейнетақы қоры.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаңтарда Зейнетақы қорының инвестициялық кірісі төмендеген еді. Сарапшылар зейнетақы қорындағы инвестициялық кірістің көбеюіне де, азаюына да әсерін тигізетін бірнеше факторды атады.

Наверх