"Ұлттық қор – балаларға": Ақша қалай көбейеді?

26 Наурыз 2025, 14:40
2440
Бөлісу:
"Ұлттық қор – балаларға": Ақша қалай көбейеді?
Фото: BAQ.KZ

Ұлттық қордан балаларға түсетін ақша қандай факторларға байланысты өсуі мүмкін? BAQ.KZ тілшісі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сауал жолдап, жауап алды.

"Ұлттық қор – балаларға" жобасы. Жоба басталғалы түсім қаншаға өсті?

Нысаналы талаптар ретінде есептелген қаражат Ұлттық қордың құрамында инвестициялануын жалғастыра береді. Осы қаражатты инвестициялау нәтижесінде түскен инвестициялық кіріс шамамен 20,1 млн АҚШ долларына жетті. Бұл ретте орташа жылдық кірістілік 3,03% (АҚШ долларымен) көрсетті. Осылайша, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, 2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы нысаналы талаптар есептелген кәмелетке толмаған балалардың әрқайсысына 3 АҚШ доллары 04 центі мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде бағдарламаға 2 (екі) жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары нысаналы жинақтары 232 доллар 94 цент болды, - делінген БЗЖҚ жауабында.

Жобада балаларға түсетін қаржыны арттыру үшін қандай инвестициялық механизмдер қарастырылған?

Жыл сайын "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша балаларға Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігінің инвестициялық кірісінің 50% есептеледі. Есептеуді Ұлттық Банк жүзеге асырады. Бұл ретте Ұлттық қор активтерінің валюталық бөлігін инвестициялаудан алынған инвестициялық кіріс есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл бойынша орташаланады. Сонымен қатар, балаларға өткен жылдарда есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында АҚШ долларымен инвестициялануын жалғастыра береді және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі, - делінен ресми сауалымызға берген жауабында.

Еске салсақ, бұған дейін "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында кімдер есепшоттағы ақшасын шешіп жатқаны туралы және Ұлттық қордан түскен ақшаны 18 жасқа толғандар шеше алатынын жаздық.

Өзгелердің жаңалығы