Елордада Ұлттық Олимпиада комитетінің 30 жылдық мерейтойы аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылды. Ал 1992 жылы ҚР ҰОК ресми тіркеліп, оны 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитеті мойындады.
Мерекелік іс-шарада Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах еліміздің спортшыларын айтулы мерекемен құттықтап, тілегін жеткізді.
Бүгінгі мерейтой – сіздер үшін ғана емес, біздің барлық Олимпиалық отбасымыз үшін маңызды оқиға. Сондықтан мен Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және менің досым Тимур Құлыбаевтың тиімді басшылығымен жұмыс жасап отырған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің барлық командасына өз елдеріңіздің әр түпкірінде спортты ілгерітуде атқарып жатқан істеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Олимпиалық құндылықтарды – бейбітшілік пен ынтымақтастықты дамытуда Халықаралық Олимпиадалық комитеті сіздерге қашанда қолдау танытатынына кәміл сенімді болыңыздар дегім келеді. 79 олимпиада медалін тарту еткен спортшыларыңыздың жоғары жетістігі - ауыз толтырып айтарлық көрсеткіш. Бұл мақтануға тұрарлық жетістіктер!- деді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетін 30 жылдығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтаған еді.