Ұлттық киім мен музыка: Байқаушы учаскелердегі мерекелік атмосфера ерекше болғанын айтты

РФ өкілі Қазақстандағы референдум туралы пікірін ортаға салды.

 ©BAQ.KZ Кеше 2026, 17:58
Кеше 2026, 17:58
129
Фото: ©BAQ.KZ

ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы хатшылығының өкілі, Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік думасының Қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов Қазақстандағы референдум барысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, байқаушылар дауыс беру процесінде азаматтардың өз еркімен келгенін байқаған.

Біз тәжірибелі байқаушылар ретінде ұйымдастырылған дауыс беру мен азаматтардың өз еркімен келгенін ажырата аламыз. Бүгін адамдардың ешқандай мәжбүрлеусіз, өз еркімен дауыс беруге келгенін көрдік. Дәл осы азаматтардың белсенділігі Қазақстан халқына үлкен үміт береді, – деді Андрей Картаполов.

Сондай-ақ ол референдумды ұйымдастыруға қатысқан барлық азаматқа алғыс білдіріп, дауыс беру процесін дайындау күрделі әрі жауапты жұмыс екенін атап өтті.

Референдумды дайындау мен өткізу – күрделі әрі көп еңбекті талап ететін процесс. Біз ел басшылығы мен жауапты органдар бұл жұмысқа жоғары деңгейде дайындалғанын көрдік, – деді ол.

Картаполовтың айтуынша, байқаушылар елордамен қатар өңірлердегі сайлау учаскелеріне де барған. Оның сөзінше, кейбір аудандарда дауыс беру мерекелік атмосферада өтті.

Өңірлерде, әсіресе елордадан алыс аудандарда болғанымызда, сайлау учаскелерінде ерекше атмосфераны байқадық. Адамдар ұлттық киім киіп, кей жерлерде музыка қойылып, мерекелік көңіл-күй қалыптасқан. Бірақ соған қарамастан азаматтар өз таңдауларын саналы түрде жасап, Конституцияға дауыс беріп жатты. Дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалған, – деді ол.

Сөз соңында ол бақылау барысында заңбұзушылықтар тіркелмегенін айтты.

Бақылау барысында біздің бағалауымызға әсер ететіндей ешқандай заңбұзушылықтарды байқамадық. Сайлау учаскелерінде жоғары деңгейдегі ұйымдастыру мен халықтың Конституцияға деген сенімі байқалды, – деп айтты Андрей Картаполов.

Наверх