Ұлттық кеңес белсенді қызмет атқарып жатыр – сарапшы

25 Қаңтар 2022, 22:09
2006
Бөлісу:
Ұлттық кеңес белсенді қызмет атқарып жатыр – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін Ұлттық кеңес сарапшылары Алматы қаласында бас қосып, қаңтар оқиғалары мен саяси реформалар жайлы пікір алмасты. Бұл туралы Кеңес мүшесі  Асхат Садырбай facebook әлеуметтік желісінде жазды.

Кез келген жағдайда Ұлттық кеңес қайда деп сұрақ қоятындар бар ғой. Осы ретте Ұлттық кеңес сарапшылары белсенді қызмет атқарып жатқанын айта кеткен жөн болар.

Ұлттық кеңес белсенді қызмет атқарып жатыр – сарапшы

Қаңтардағы митингтер басталғалы бері Кеңес хатшысы Ерлан Тынымбайұлы Қарин мен кеңес сарапшысы Уайыс Ерсайынұлы Жаңаөзендегі Үкіметтік комиссия құрамында жұмыс істеді. Одан кейін Алматыда орын алған оқиғалардан соң әріптестеріміз Жеміс Өтегенқызы, Қайсар Тұрсынқожа Алматыдағы және еліміздің басқа да қалаларында қамауға алынып, жазасын өтеп жатқандармен кездесіп, қандай да бір құқықбұзушылықтар орын алды ма, оларға қандай көмек қажет екенін сұрап, өз көздерімен көріп-біліп қайтты, – деп жазды Асхат Садырбай.

Кеңес сарапшылары Уайыс Ерсайынұлы, Айман Умаровалардың қаңтар оқиғаларын зерттеу жөніндегі тәуелсіз комиссияда жасап жатқан жұмыстарынан хабардар болғанын айтты.

Бүгін кеңес сарапшылары Алматы қаласында бас қосып, қаңтар оқиғалары мен саяси реформалар жайлы пікір алмастық. Кеңес сарапшылары Марат Шибутов, Гүлмира Илеуова, Андрей Чеботарев, Қайрат Жолдыбайұлы, мен және өзге де сарапшылар өз ұсыныстарымызды ортаға салдық. Алда атқаратын жұмыс көп, – деді Кеңес мүшесі Асхат Садырбай.

Өзгелердің жаңалығы